Синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қайта салқындайды деп болжап отыр. Түнде термометр нөлден төмен температураға дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанға 4-6 мамырда қайта арктикалық салқын түседі. Синоптиктердің болжамынша, көктемнің жылы жайма-шуақ күндерін сезініп үлгермеген еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінің тұрғындары қайта арктикалық салқындықты сезінеді. Мұның себебі қысым өрістерінің жылдам өзгеруі болады. Солтүстік және оңтүстік циклондардың скандинавиялық антициклонмен алмасуы Қазақстан аумағына жауын-шашын мен контраст ауа райын әкеледі. Ал Баренц теңізінен суық ауа массаларының басып кіруі аалдымен солтүстік-батыста, солтүстікте, сосын республика орталығында ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.