Тоқаев Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған жауынгерлері Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаевтың есімін «Айбын» орденіне беру туралы заңға қол қойды,-деп хабарлайды Newsroom.kz
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» Заңға өзгертулер Мемлекет басшысының 2024 жылдың 15 наурыздағы «Адал адам – Адал еңбек – Адал Табыс» Ұлттық Құрылтайының үшінші отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді. Заң аты аңызға айналған жауынгер-батырлар: Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін «Айбын» орденінің дәрежелеріне беруді көздейді» деп хабарлады Ақорда.