«Жүректен жүрекке» ҚХА жобасы аясында су тасқынысалдарынан зардап шеккен елді мекендерге гуманитарлықкөмек көрсету жөніндегі республикалық штабтың мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына барды,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Олар зардапшеккендерге қажетті гуманитарлық көмек көрсетіп, эвакуациялық орталықтарда жұмыс істеді. Сондай-ақ, ТЖД қызметкерлері мен еріктілер үшін ыстық тамақ ұйымдастырды.
ҚХА республикалық штабының басшысы, Ассамблея Төрағасының орынбасары Ақбаржон Исмаилов атап өткендей, ҚХА республикалық штабының өкілдері бірнешекүн бойы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсіреповауданында болып, су тасқынына қарсы құтқару іс-шараларына қатысады.
Ақбаржон Исмаилов су тасқыны салдарын жоюжөніндегі жұмысқа қатысқандардың барлығына, Ассамблеяның еріктілеріне үлкен ризашылығын білдірді, сондай-ақ аудан тұрғындарына осы қиын кезеңде бірлік пен ынтымақ танытуға шақырды.
Бүгінде ҚХА штабының мүшелері мен Ассамблея еріктілері СҚО-ның Ғабит Мүсірепов ауданы Рузаевка ауылында жүр. Олар эвакуациялық пункттерді дайындауғажәне жағалауды нығайту жұмыстарына, оның ішінде қауіптіаймақтардағы алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға белсенді ат салысуда.
ҚХА мүшесі, СҚО-да көмек көрсету жөніндегі ҚХА штабының басшысы Раджабов Убайдулло көмек беруге атсалысып жатқан 300-ден астам еріктілер мен ТЖД қызметкерлеріне ыстық тамақ ұйымдастырды.
Су тасқыны басталғаннан бері Қазақстан халқыАссамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасын іске асыру қолға алынған еді. Бүгінгі таңда ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері жалпы сомасы 253 млн теңгеденастам көмек көрсетті.
«Жастар Ассамблеясы» ұйымы, еріктілер орталықтарыжәне ҚХА-ның белсенді мүшелері су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мекен-жайларына дейін көмек жіберілуде.
Айта кетейік, Ассамблеяның алғашқы штабтары су тасқынынан зардап шеккен Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе және Атырау облыстарының тұрғындарына гуманитарлық жүк көліктерін жіберді.