Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесіпті

Су басу қаупін сейілту үшін барлық шара қабылданып жатыр және бұл жұмыстар одан әрі күшейтіледі

Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесіпті
Коллаж: Newsroom.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті. Президент бірде бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, президент облыстағы су тасқыны жағдайын бақылауда ұстап отыр. Су басу қаупін сейілту үшін барлық шара қабылданып жатыр және бұл жұмыстар одан әрі күшейтіледі. Үкімет қарғын судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді, сондай-ақ материалдық шығындар өтеледі. Облыс әкімі Серік Шәпкеновпен  сөйлесу барысында президент ешқандай отбасы, бірде бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді және оларға өзінің жылы лебізін білдіріп, әрдайым қолдайтынын жеткізуді тапсырды.