2024 жылы Қазақстанда Жеңіс күніне орай шеру өткізу жоспарланбайды, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, мұндай шешім қабылдауға бюджет қаражатын үнемдеуге ұмтылыс себеп болып отыр.
"Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұру басымдылық болып табылады", - деп хабарлады ведомство тілшіге.