Қарағанды облысында жолдың уақытша ашық, жартылай су басқан бөлігінде жүк көлігі суға аударылып кетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Ақсу-Аюлы ауылы маңындағы жолда болды, 270 жүк көлігінен тұратын колонна полицейлердің бақылауымен шығарылды.
Сондай-ақ жол полициясының баспасөз қызметі фурадан бөлек, тағы үш жүк көлігінің суға кеткенін хабарлады. Барлық көлік судан шығарылды, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Қарағанды облысының полиция департаменті суға аударылып қалған жүк көлігінің жүргізушісі қауіпсіздік шараларын сақтамағанын айтты.