Жанар Айжанова аса ерекше форматта ауыз ашар беріпті

Ол қонақтарына қазақи нақышта киініп келуге шарт қойды

Фото: instagram/ zhanar_aizhanova

Отандық танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова өнердегі жандардың басын қосып, мейрамханада үлкен ауызашар берді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Жанар Айжанованың берген ауызашары ерекше форматта өткен. Ол қонақтарына қазақи нақышта киініп келуге шарт қойды. Әншінің Қасиетті Рамазан айында берген ауызашарына шақырылған жұлдыздар арасында Азамат Сатыбалды, Ерғали Әбдірайымов, Қуандық Шәкіржанов, Шахизада Байбатжанова, Гүлзира Айдарбекова, Төреәлі Төлепов, Балғынбек Имаш, Нұрғали Нүсіпжанов, Мөлдір Әуелбекова және т.б болды. Сонымен қатар  өнер иелері қазақтың ұлттық ойындарына қатысып, түрлі қызықты сұрақтарға жауап берді. Жанар Айжанова әр жұлдызды қонағына арнайы сый-сыяпатын да дайындап қойған. Өнер иесі түрлі бағалы заттар тарту етіп, аса сыйлы жандарға ұлттық үлгідегі шапан жапты. Ауызашар кезінде шоу-бизнес өкілдері өнер көрсетпеді. Айжанова бұл кеште әртістер демалып, концертті көрермен ретінде тамашалауын қалаған. 

Жүктелуде...