Үш қайнасам сорпам қосылмайтын Хасанның маған не қатысы бар- Жанар Айжанова

Қай жылы түскенін білмеймін

Фото: newsroom.kz

Әнші әрі актриса Жанар Айжанова “Хутордың” өкілі делінген Хасанмен бірге түскен суретке қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Мынау Хасан деген бәле болды. Қай жылы түскенін білмеймін. Желкемде келіп түскен екен суретке. Мен енді арқамнан келіп түскен суретке жауап бере алмаймынғой. Маңдайында не деп жазулы тұрғанын қайдан білейін? 

Түссе анау, түспесе көкірек деп тағы айтасыңдар! 

Құдіреттерің жетсе, сол Хасанды интервью беріп сайрап отырғой. “ Менің жазығым жоқ, мен үш баланың әкесімін. Менің мүлде қатысым жоқ. Мен өзіммен өзім шаруашылықта жүрген адаммын"-деді. Егер шын істің ақиқатын білетін болсаңдар, барып қол-аяғын байлап алып келіңдерші менің алдыма. Оған да айтамын мен айтатынымды. Үш қайнасам сорпам қосылмайтын Хасанның маған не қатысы бар. Сендер айтқаннан кейін біліп жатырмын оның Хасан екенін. Бір томпиған бала арқамда тұр. Ол қай жылы түскен сурет, құдай біледі қай жерде түскен. Қасында тағы басқа да әншілер отыр. Алып келіңдер, мен Талғарға жақын жерде тұрамын, қашық емес. Қолын байлап алып келіңдерші, көрейік сосын кімнің кім екенін,- деді Жанар Айжанова. 

Жүктелуде...