Жаңа заманның жаңалықтар порталы | Newsroom.kz RU search

Жанар Айжанованың қызы Исландияда “иә” депті

Ол өзінің қалыңдық атанғанын айтып, қуанышымен бөліскен

Жанар Айжанованың қызы Исландияда “иә” депті
Фото: Instagram/ aizhuldyz_adaibekova

Жанар Айжанованың жалғыз қызы Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі ұсыныс жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz 

Бұл туралы Жанар Айжанованың қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған. Ол өзінің қалыңдық атанғанын айтып, қуанышымен бөліскен.

"Ол иә деді"-  деп жазылған Айжұлдыз Адайбекованың парақшасында.

Айта кетелік, Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі Исландия елінде ұсыныс жасаған көрінеді.

Сондай-ақ, желі қолданушылары оларды қолдап, жазба қалдырды.

"Нұрғазы, жарайсың, бақытты бол", "Тойға баратын болдық", "Құтты берекелі болсын", - деп жазды желі қолданушылары.