Мәскеудегі концерт залында адамдарды атып тастаған террористер ұсталыпты

Ресей билігінде әзірге бұл ақпараттарға қатысты ақпарат жоқ

Фото: Ваза

БАҚ-та "Крокус сити холлда" теракт жасаған лаңкестер ұсталғаны туралы хабар тарады, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Baza телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ресей билігінде әзірге бұл ақпараттарға қатысты ақпарат жоқ. Телеграмдағы мәлімет бойынша, күдіктілер отырған көлік Теплый ауылының маңында табылған көрінеді. Бұл Беларусь пен Украина шекарасында орналасқан ауыл.

Сонымен қатар, телеграмдағы мәлімет бойынша, көлікте, алдын ала мәлімет бойынша, алты адам отырған. Оның екеуі ұсталып, төртеуі қашып үлгерген.

Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Ведомство мәліметінше, желіде терактқа тәжікстандық азаматтардың қатысы бар деген фейк тараған.

Артынша Госдума депутаты Александр Хинштейн күдіктілер отырған көлік Хацунь ауылының маңында анықталғанын мәлімдеді. Көлікті полиция тоқтатуға тырысқанымен ішінде отырған адамдар тәртіп сақшыларына бағынбай кеткен.

"Атыс басталып, көлік аударылып кетті. Бір террорист оқиға орнында ұсталды. Қалғаны орманға қарай қашып кетті. Іздеу нәтижесі бойынша, 03:50-де екінші террорист ұсталды. Қалғанын іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Іздеу операциясына барлық күш құрылымы жұмылдырылды", - дейді депутат телеграм арнасында.

Оның сөзінше, күдіктілер отырған "Рено" көлігінде Макаров тапаншасы, Калашников автоматының оқтары мен жеке құжаттар табылған.

Жүктелуде...