weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мәскеуде Айдар Ақаевтың жерленген орны анықталды

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаевтың Мәскеудегі Троекуров зиратында жерленгені белгілі болды, деп хабарлайды Newsroom.kz

Мәскеуде Айдар Ақаевтың жерленген орны анықталды
Фото: ашық дереккөз

Айдар Ақаевтың қабірін танымал тұлғалардың жерленген орындары туралы контент жариялайтын блогер Наиль Валиев анықтаған. Ол Instagram желісінде зираттан түсірілген бейнеролик жариялап, мұсылмандар жерленген бөлікте орналасқан бесік пішініндегі ерекше ескерткішке назар аударғанын айтты. Оның сөзінше, аталған аумақта көптеген танымал тұлғалардың қабірі орналасқан.

Айдар Ақаев 1998 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваға үйленген. Ерлі-зайыптының некесі шамамен үш жылға созылып, 2001 жылы ажырасқан. Кейін ол қырғызстандық тележүргізуші Сайкал Чокубаевамен отау құрған.

Айдар Ақаев 2020 жылғы 5 ақпанда Мәскеуде 43 жасында қайтыс болды. Сол кездегі мәліметтер бойынша, оның өліміне жүрек талмасы себеп болған.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→