Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Грекия футбол құрамасының бас бапкері мәлімдеме жасапты

Жеңімпаз Еуропа чемпоинатына жолдама үшін күресін әрі қарай жалғастырады

Грекия футбол құрамасының бас бапкері мәлімдеме жасапты
Фото: Orda.kz

Футболдан Грекия құрамасының бас бапкері Густаво Пойет ұлттық құрама жайлы журналистерге пікір білдірді, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Orda.kz -ке сілтеме жасап.

«Бірінші ойын маңызды. Қазір мен тек Қазақстан туралы айтып отырмын. Біз жоғары дегейде ойнап, ойыншылардың дайындығын сақтап, алаңда бар күшімізді салуымыз керек. Біз дайынбыз, Қазақстан туралы бәрін білеміз. Егер олар бірдеңені өзгертсе, менің таң қалатыным сөзсіз. Біз ең жақсы бабымызда болуымыз керек!», – деді бапкер.

Айта кетейік, наурыз айының 21-нен 22-сіне қараған түні Қазақстан Ұлттық Құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекияға қарсы ойын өткізеді. Жеңімпаз Еуропа чемпоинатына жолдама үшін күресін әрі қарай жалғастырады.