Ұлытау облысында жылқы малы қырылып жатыр

Ақпан айы шаруаларға жайсыз тиді

Фото: baq.kz

Ұлытауда тебінсіз қалып қырылған жылқы өлекселері далада шашылып жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Қалың қардың арты жылымыққа ұласып, жердің беті мұз құрсанған. Тебіндеу қиындап қылқұйрықтылар азық таппай аштан қырылған. Егер жазғытұрым жатып қалса түрлі инфекциялық аурулар тарауы мүмкін,- деп алаңдайды көпшілік.

Арам өлген малдың нақты саны белгісіз. Жаңаарқа ауданы мен Қаражал қаласы тұсыннан жалпы саны 70-ке жуық жылқының өлексесі табылған.

Дегенмен оларды кімнің малы екенін анықтау мүмкін болмай отыр. Себебі ветеринариялық базаға тіркелмеген.

Өңірге Ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы мамандар келді. Ведомство өкілдері жылқылар "жем-шөптің аздығынан өлген жоқ" дейді.

Өткен күзде облыста мал азығын дайындау үшін шаруаларға 1,4 млрд субсидия берілген. Дегенмен тұрғындар жем-шөпке министрлік тарапынан шекті баға бекітілгені жөн деп есептейді.

Жұт айтып келмейді. Алайда өңірде мал басын сақтандыруға бөлінген 50 млн теңге де игерілмеген. Тіпті бірде-бір бас мал сақтандырылмаған.

Жүктелуде...