– Бұл – Алан Аутраммен алғашқы әріптестік емес. Ол біздің институтты серіктес ретінде таңдады. Себебі қолымыздағы археологиялық олжалар мен зерттеулер – Орталық Қазақстандағы қола дәуіріне қатысты ең маңызды дереккөздердің бірі. Бұл жолы Ұлыбританияға Қостанай облысындағы Кент және Лисаков қорымдарынан табылған жылқы сүйектері жіберіледі, – деді Сарыарқа археологиялық институтының директоры Алексей Кукушкин, облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Ғылыми жобаның нәтижесінде қазақстандық және британдық зерттеушілер бірігіп, жоғары рейтингті ғылыми журналда мақала жариялауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, шілде айының басында Түркістан облысында өткен бірлескен археологиялық қазба жұмыстары кезінде қос елдің мамандары салт атты жауынгердің қабірін тапқан болатын.