weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Үш ат өлді: Ақмолада BMW жылқылармен соқтығысты

«Екатеринбург – Алматы» тасжолында BMW көлігі үш жылқымен соқтығысты, деп хабарлайды newsroom.kz.

Үш ат өлді: Ақмолада BMW жылқылармен соқтығысты
Фото: dzen.ru

Алдын ала мәліметке сәйкес, Астана бағытына жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік кенеттен жолға шыққан жылқыларды соққан.

Halyqstan дерегінше, жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Үш жылқы да оқиға орнында қаза тапқан.

Қазір полиция қызметкерлері жылқылардың иесін анықтап жатыр. Барлық мән-жай белгілі болған соң, заңға сәйкес шара қолданылмақ.