Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бір үйір жылқы атылды: Қарағандыда үлкен қайғы орын алды

28 қыркүйекте Заречное ауылының маңында ірі оқиға тіркелді: белгісіз адамның әрекетінен 17 жылқының 14-і оқиға орнында қаза тапқан.

Бір үйір жылқы атылды: Қарағандыда үлкен қайғы орын алды
Kazinform

Куәгерлердің айтуынша, жергілікті фермер жайылымдағы жылқыларды көлікпен қуып, қарудан атқан. Оқиғадан кейін ол ізін суытқан.

Малынан айырылған ауыл тұрғындары істің әділ тергелмей қалуынан қауіптеніп отыр, себебі күдікті — өңірдегі ауқатты жер иеленушілердің бірі.

Полиция «өзгенің мүлкін әдейі жою» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл іске қатысы бар деген күдікпен Нұра ауданының 53 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

«Өзгенің мүлкіне және қоғамдық тәртіпке қарсы кез келген заңсыз әрекеттер заң аясында қатаң түрде тоқтатылады», – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату