Балаларға ораза ұстауға бола ма?

"Белгілі бір жасқа дейін" дегені – баланың денесі толық қалыптасып болатын 16-17 жас екенін айтты,-ол

Фото: muftyat.kz

Мәжіліс дәліздерінде журналистер балалардың денсаулығына ораза ұстау қаншалықты қауіпсіз екенін сұрады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балаларға ораза ұстауға бола ма деген сауалға жауап берді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

"Баланың денесі өте тез өседі, оның энергия шығыны өте жоғары және зат алмасуы жоғары. Сондықтан, әрине, оның бөлетін энергиясы уақытылы толықтырылып отыруы керек. Мұны әрбір ата-ана түсінуі керек. Уақытылы, сапалы, теңгерімді тамақтану баланың денсаулығы мен дамуы үшін өте маңызды. Бұл жерде, менің ойымша, жас ерекшелігіне қарай бәрі жеке қарастырылады. Егер ата-ана баласына рұқсат берсе, бұл – ата-ананың шешімі. Бірақ белгілі бір жасқа жеткенше бала құнарлы тамақ ішуі керек", – деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Ол "белгілі бір жасқа дейін" дегені – баланың денесі толық қалыптасып болатын 16-17 жас екенін айтты. 

Жүктелуде...