Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әйгілі опера әншісі Пласидо Домингоға шапан жапты, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Instagram-парақшасында жазды.
"Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезімдерін өлеңге қосып, өз өлкесінің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20 ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн - ертеңгі тарих", - деп жазды әнші.