Бұған дейін Олжас Байділдинов әлеуметтік желіде газ бағасының қымбаттауына назар аударып, Астана мен Алматы қалаларында автобус жолақысын 500 теңгеге дейін көтеруді ұсынған болатын.
Осыған жауап ретінде Димаш Құдайберген өз парақшасында былай деп жазды:
«Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ құрмет өзіңнен басталады. Өз тілінен ұялып, өзгенің мақұлдауына ұмтылған адам сөзін емес – тамырын жоғалтады. Олжас, сен сияқты арандатушыларды жұмыстан шығарады деп сенемін. Себебі сен қорқақ, кішкентай бала секілдісің. Қазақша білмегенің үшін мен де қазақ тілінде жазған жоқпын».