"Қазгидромет" РМК өкілі наурыздың соңына дейін өңірлерде қар қарқынды түрде еритінін ескертіп, су басу қаупі төніп тұрғанын хабарлайды Newsroom.kz порталы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров брифингте елімізде қар жамылғысының ауданы 72 пайыздан 66 пайызға дейін азайғанын айтты. 16-19 наурыз аралығында күн райы жауын-шашынсыз болып, температура жоғарылайды деп болжанып отыр. Наурыздың үшінші онкүндігінде батыс өңірлерді есептемегенде, Қазақстанның басым бөлігінде қар, бұрқасын, екпінді жел күтіледі. "Қазгидроме" мамандарының бағалауы бойынша наурыздың соңына қарай ауа температурасының фоны көтеріліп, бұл қардың қарқынды еруіне және су басу қаупіне әкеледі. Сонымен қатар Ресейге шекаралас аймақтарға, атап айтқанда, Жайық өзені мен оның салаларына, Тобылдың алаптарына ерекше назар аудару қажет. Қазір Орынбор және Челябі облыстарында, сондай-ақ Башқұртстан Республикасында жиналған қар көлеміне байланысты қолайсыз су тасқыны жағдайы қалыптасты", – деді Саиров.