Нұржан Нұржігітов ауыз су мәселесіне байланысты жаңа кодекс ұсынды

Суды үнемдеудің кешенді жоспары әзірленбек

Фото: egemen.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа Су кодексінің жобасын әзірледі,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа кодекс Парламент Мәжілісіне талқылауға енгізілді. Бұл бірқатар ауқымды жаңашылдықтарды қамтитын және Қазақстанның су заңнамасын өзектендіруге мүмкіндік беретін іргелі құжат. 

Жаңа Кодекстің мақсаты экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік беретін суды пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу және оны ұстану. Қолданыстағы құжаттан айырмашылығы, осыған дейін су - экономикалық пайдаға қол жеткізу құралы ретінде ғана қарастырылған.

Жаңа кодекс арқылы алдын ала болжанған апаттардан сақтануға болады. Мысалы, БҰҰ-ы Қазақстан 2030 жылға қарай су тапшылығына тап болуы мүмкін екендігін айтты. Мемлекет басшысының пайымдауынша, еліміз 2050 жылға қарай тіпті «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін деген еді. Ал жаңа кодекс суды үнемдеп, қайта пайдалану жүйелерін енгізе алуға мүмкіндік береді.

Жаңа су кодексінде суды үнемдеу аса маңызды рөл атқарады. Мысалы, су пайдаланушылар су ресурстарын ұтымды пайдалануға, суды үнемдеу технологиялары мен суды қайта пайдалану жүйелерін енгізу жөнінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ жерасты ауыз суларын мақсатсыз пайдалануға жол бермеуге міндетті. Ал суды қайта пайдалану жүйесі жоқ ұйымдар жаңа кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жылдан кешіктірмей мұндай жүйелерге көшу жоспарын ұсынуы тиіс. Бұл ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларына қатысты көрінеді.

Жүктелуде...