Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстан трансшекаралық өзендердің суын пайдалану мәселесін реттейтін халықаралық конвенцияға қосылды

ҚР Парламентінің Сенаты халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы Заңды мақұлдады

Қазақстан трансшекаралық өзендердің суын пайдалану мәселесін реттейтін халықаралық конвенцияға қосылды
Фото: kaznaru.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі трансшекаралық өзендердің суын бірлесіп пайдалану мәселесін Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенция аясында шешуге ниетті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Парламентінің Сенаты халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы Заңды мақұлдады.

Конвенция трансшекаралық өзендер мен көлдерді және олармен байланысты жерасты суларын әділ бөлінуін қамтамасыз ететін және оны пайдалануды реттейтін халықаралық құжат болып табылады. Қазіргі кезде 37 мемлекет Конвенцияның қатысушысы болып табылады.

Халықаралық келісім су бөлуге қатысты ықтимал дауларды шешу үшін және барлық тараптың мүддесіне сай су ресурстарын дамытуға мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық тетіктерін жасайды.

Конвенцияға сәйкес су ағыны мемлекеті өз аумағында халықаралық су ағынын пайдалану кезінде басқа мемлекеттерге зиян келтірумеу үшін тиісті іс-шараларды қабылдайды. Сондай-ақ су ағыны, судың сапасы және тиісті болжамдар туралы қолжетімді деректермен тұрақты негізде бөліседі. Бұдан бөлек, су ағыны мемлекеттері бір-біріне кеңес береді, жоспарланған іс-шаралардың халықаралық су ағынына әсері туралы келіссөз жүргізеді.