Көпбалалы жалғызбасты ана, белсенді 40 жастағы Сандуғаш Тұрлыбековаға "екі адамды бопсалады" деген айып тағылған,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Ulysmedia-ға сілтеме жасап.
6 наурыз кешке Тұрлыбекова үйіне полиция келгенін, есігін бұзуға әрекет етіп жатқанын айтып, Facebook парақшасында тікелей эфирге шыққан. Көп өтпей әлеуметтік желіде оның екі қолынан екі полицей ұстап тұрған фото тарады.
Сандуғаш Тұрлыбекова 2020 жылы Қызылорда облысының әкімі болған Гүлшара Әбдіхалықованы “ханның қызы ма” деп атап, бұл видео желіде кең тараған еді. Ал оның балалары бұған дейін де президенттен анасын босатуға көмектесуді сұрап, видеоүндеу жолдаған.