Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке тағы 82,6 млрд теңге қайтарды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен жылы жемқорлыққа қатысты 1 692 қылмыс тіркеліп, 1 324 адам әшкереленгені баяндалды

Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке тағы 82,6 млрд теңге қайтарды
Фото: Egemen.kz

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады. президентке сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің былтыр атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берілді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен жылы жемқорлыққа қатысты 1 692 қылмыс тіркеліп, 1 324 адам әшкереленгені баяндалды. Оның 161-і түрлі деңгейдегі басшылар. 1 221 іс сотқа жіберілді.

"Қ.Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында биыл ақпан айында бюджетке тағы да шамамен 82,6 миллиард теңге (185 миллион АҚШ доллары) түсті. Бұдан бөлек, Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 942 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Оның нарықтық құны 13 миллиард теңгеден асады", – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали.