Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 ақпан, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс

Қыз зорлады деп айыпталған полиция басқармасының экс-басшысына қатысты сот басталды

Талдықорғандағы полиция басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот отырысы басталды

Қыз зорлады деп айыпталған полиция басқармасының экс-басшысына қатысты сот басталды
Фото: taulik.kz

Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Талдықорған қалалық сотында ҚР ҚК-ның 120-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша айыпталып отырған күдікті К-ге қатысты қылмыстық істі қарау басталды ("адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау"). Процесс жабық режимде өтеді", - деп хабарлады Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату