"Талибан" қозғалысының өкілдері Қазақстанға форумға шақырылыпты

13-14 маусымда Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өңірдің басты халықаралық конференциясы – Астана Халықаралық форумы (AIF) өтеді

Фото: foreignaffairs.com

"Талибан" қозғалысының өкілдері Астананың екінші халықаралық форумына шақырылды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, еліміздің Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Қазыханның атынан шақыруды "Талибан" сауда министрлігінің басшысы Нұреддин Азизиге тапсырған. Бұған дейін Нұреддин Азизи Астанаға 2023 жылы сауда мәселелері бойынша екіжақты келіссөздерге келген.

Алдағы 13-14 маусымда Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өңірдің басты халықаралық конференциясы – Астана Халықаралық форумы (AIF) өтеді. Оған Талибан да шақырылып отыр.

Жүктелуде...