Елордадағы әуежайдан өрт шығыпты

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Фото: ТЖМ

Астанадағы әуежайда өрт шығып, адамдар эвакуацияланды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасап.

112-ге Астана қаласының халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереядан қою түтін шыққан, адамдар эвакуацияланды.

Сағат 08-24-те өрт сөндірілді. №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанған.  

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 76 адамы және 18 техникасы жұмылдырылды.

Жүктелуде...