Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында велотректен ересектер арасында 43-ші, жасөспірімдер арасындағы 30-шы, пара-спортшылар арасындағы 12-ші Азия чемпионаты басталды,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Бəсекенің алғашқы күні із кесу жарысында Қазақстан ерлер құрамасы (Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов) командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді.
Олардың уақыт көрсеткіші - 4:03.129 секунд. Алтын медаль Жапония құрамасының еншісінде болса, күміс Қытай еліне бұйырды.
Сондай-ақ тағы бір отандық құрам спринттен (Кирилл Курдиди, Дмитрий Резанов, Сергей Пономарев) 5-сатыға жайғасты.
Сары құрлық додасына биыл 23 елдің үздіктері жиналды.
Еліміздің намысын 9 спортшы қорғап жатыр. Азия біріншілігі 26 ақпанға дейін жалғасады.