Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде Қазақстан балуаны Шавкат Рахмонов америкалық спортшы Стивен Томпсонды жеңгені үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды newsroom.kz порталы vesti.kz-ке сілтеме жасап.
MMA Salaries мәліметінше, бұл айқас үшін Шавкат Рахмонов кареьрасындағы ең үлкен гонорар — 306 мың доллар (150 мың доллар — жекпе-жекке шыққаны үшін, 150 мың доллар — жеңгені үшін, тағы 6 мың доллар — демеушілердің бонусы) алды.
Дегенмен оның қарсыласы көбірек гонорар алды. Стивен Томпсонның гонорары 416 мың доллар болды (400 мың доллар — күреске шыққаны үшін, 16 мың доллар — демеушілердің ынталандыру сыйлығы).
Айта кетейік, UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды екінші раунд соңында қылқындыру әдісімен жеңді. Бұл — Шавкаттың промоушн айқастарындағы алтыншы жеңісі. Бәрін уақытынан бұрын жеңіп келе жатыр. Сөйтіп, ол UFC тарихына енді.