Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Халықты 3 млрд теңгеге алдаған қылмыстық топ ұсталыпты

231 азаматқа 3 миллиард теңгеге жуық шығын келтірілген

Халықты 3 млрд теңгеге алдаған қылмыстық топ ұсталыпты
Фото: polisia.kz

Елордада Маңғыстау облысы ПД  криминалдық полиция және экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 32 жастағы қазақстандықты ұстады,- деп хабарлайды Newsroom.kz 

Ұсталған азамат пен ол құрған ұйымдасқан топтың мүшелері алаяқтық әрекеттер жасады деп айыпталды. Салдарынан 231 азаматқа 3 миллиард теңгеге жуық шығын келтірілді.

Бұған дейін бұл қылмыстық топтың 5 мүшесін полиция қызметкерлеріне ұсталған. Қазір олар тергеуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.