Сүйінші! Күшті жаңалық! Бұйырса @sheteldegi_qazaq_balalary Қазақстанға келетін жазды журналист Жанар Байсеміз,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Қазақ тілін оқиды, қазақ мәдениетімен танысады, қазақтың тарихын біледі. Қазіргі уақытта әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ресми хат дайындап жатыр. Университеттің атынан Гүлшара Асылбайқызы осы іске жанын салып, кірісіп жатыр. Хат дайын болған соң шет елдегі ҚР елшіліктеріне жолдаймыз. @sheteldegi_qazaq_balalary жобасының осылай жалғасып жатқанына бек ризамын!
Шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалардың елде қиналмай жүруіне барлық жағдай жасалады. Олардың жол шығыны, визасы төленеді. Үш мезгіл тамақ, жатақхана тегін беріледі+стипендия алады. Ұзақ уақытқа келе алмайтындары үш ай, уақыты барлары тоғыз ай оқиды. Елге келіп, ана тілін үйренуге Талғат, Сардар, Әнел және Сұлтан құлшынып отыр. Сабина да келуі мүмкін. Әнел тоғыз айға келгісі келіп жатыр. Талғат, бүгін қашан келе аламыз, деп сұрап жатыр). Керемет жаңалық иә, достар?! Қалған балаларға енді хабар береміз. Демеушілер қажет болса, айтамын.
Алдында ғана Әнелдің елге келуіне қалай көмектессек екен, деп ойлап жүр едік. Осы жоба іске асып, бәрі оңынан болсын! Әумин! Сіздер де әумин, деп қойыңыздар,-деді Жанар Байсеміз instagram парақшасында.