Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Петропавлдан кеткен жетімдерді АҚШ-тағы отбасы зорлап жүрген

Шетелдік ата-ана қазақтың бір ұл, бір қызын зорлап келген

Петропавлдан кеткен жетімдерді АҚШ-тағы отбасы зорлап жүрген
Фото: sn.kz

Шетелдегі қазақ балалары” жобасының жетекшісі Жанар Байсемізова “Abay live” ютуб арнасына берген сұхбатында шетелдік ата-ана асырап алған Қызылжардың екі қазақ баласы туралы айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Журналистің айтуынша, шетелдік ата-ана қазақ бүлдіршіндеріне қорлық көрсетіп, білгенін жасап келген.

“Массачусетс штатында Петропавлдан алып кеткен бір ұл, бір қызды асырап алған ата-анасы зорлап келген. Сол кезде мен Массачусетс штатында болдым. Мен қаншама рет сол балалармен кездестіруді өтіндім. Ешқандай мүмкіндік жоқ. Сотқа біздің дипломат консулымыз қатысты. Болды. Басқа Қазақстан ештеңе істей алмады. Сот азғын екі адамды соттады, балаларды басқа отбасыға жіберді. Қазір ол балалар өсіп кетті”,- деді Жанар Байсемізова.