Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Илон Маск алғашқы ми имплантасын адамға енгізді

Neuralink нейротехнологиялық компаниясының алғашқы өнімі Telepathy деп аталады

Илон Маск алғашқы ми имплантасын адамға енгізді
Фото: pixabay.com

Илон Масктың тағы бір Neuralink нейротехнологиялық компаниясы алғаш рет адам миына чип салды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

«Бірінші адамға Neuralink импланты салынды, операциядан кейін қалпына келу процесі жақсы жүріп жатыр», деп жазды әлеуметтік парақшасында Илон Маск.

Neuralink компаниясының алғашқы өнімі Telepathy деп аталады. Өнім смартфон мен компьютерді ой арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Neuralink 2016 жылы құрылған және имплантацияланатын нейрокомпьютерлік интерфейстерді әзірлеумен және өндірумен айналысады. Компанияның Штаб-пәтері Сан-Францискода орналасқан.