«Болашақтың қолайлы сценарийі жүзеге асса, біз жасанды интеллекті бар соншама көп робот жасаймыз, олар адамзаттың барлық қажеттілігін толық қамтамасыз ете алады», — деді Маск.
Оның айтуынша, алдағы уақытта роботтардың саны адамдардан бірнеше есе көп болады. Тіпті адам баласы роботтан не сұрарын да білмей қалуы мүмкін, өйткені тауарлар мен қызметтердің көлемі шектен тыс көп болады.
Илон Масктың сөзінше, мұндай жағдайда жасанды интеллект пен роботтандыру адамзат өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгеріс әкеледі.