Өлі туылды деп Бельгияға сатып жіберген бе? Қымбат Досжан мәлімдеме жасады

Жәнібектің тағдырының құпиясы қашан ашылмақ?

фото: qaz365.kz

Бельгиялық қазақ Жәнібектің ата-анасын іздеп жүрген белгілі журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Журналист Арқалықтағы перзентханада 2001, 2002, 2003 жылы босанып, баласы шетінеді деген аналардың арасында Жәнібектің анасы болуы мүмкін дейді.

"Қайырлы күн, достар. 2001, 2002, 2003 жылдары Арқалық қалалық перзентханасында босанып, бірақ қандай да бір себептермен балалары шетінеген немесе өлі туған баласының денесін көрмеген, өздері жерлемеген және осы босанған әйелдердің өздері немесе туыстары бізге шұғыл хабарласуларыңызды өтінеміз", - деді Қымбат Досжан.

Айта кетейік, журналист Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібек есімді баламен аттас тағы бір баланың табылғанын хабарлаған.

Бұған дейін, "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының жетекшісі Жанар Байсемізованың еліміздегі бала саудасына қатысты оқиғаларды айтқанын хабарлаған едік. Журналис сұхбатында баланы туғаннан кейін, алып кетіп, өлді деп, мәйітін сұрағанда бермеген жағдайлар өте көп болатынын айтқан. 

Жүктелуде...