Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

50 жасын дүркіретіп жасаған Баян Махсатқызының жолдасы арманын орындапты

Баянның арманы – Ресей әншісімен ән айту еді. Арманын орындадым. Тойдың ең құрметті қонағы болды”, – деп ағынан жарылды жұбайы.

50 жасын дүркіретіп жасаған Баян Махсатқызының жолдасы арманын орындапты
Фото: instagram bayanmaxatkyzy

Мерейлі 50 жасын дүркіретіп әріптестерімен атап өткен Баян Мақсатқызы сыйлық пен гүлдің астында қалды,-деп хабарлайды Newsroom.kz 

Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін арнайы қызыл кілем төселген. Сондай-ай, арнайы қонақ ретінде ресейлік әнші Валерий Меладзе да шақырылған.
Оқырмандар тарапынан туған күн иесіне түрлі пікірлер қалдырған. “Жап-жас қыз сияқты”, “сұлусың Баян”, “қазақтың барбиі”, “туған күнің құтты болсын”.
Инстаграм желісіне жүктелген видеоларда Баян Мақсатқызы мерейтойында 3 түрлі образда киінген. Одан бөлек Қайрат Нұртас өзінің үстіндегі костюмін шешіп, сыйға береді.
Актрисаның жолдасы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов жарына дайындаған сыйлықтың үлгермей қалғанын айтып өкінді. 
“ Өкінішке орай, мерейтойына сыйлығым келіп үлгермей қалды. Шетелден машинаға тапсырыс беріп қойғанмын, ақпан айында келуі керек. Бағасы арзан тұрмайды. Өзіне жарасатын өте әдемі сыйлық болмақ.
    Одан кейін Баянның арманы – Ресей әншісімен ән айту еді. Арманын орындадым. Тойдың ең құрметті қонағы болды”, – деп ағынан жарылды жұбайы. 
Сондай-ақ басқа қонақтар да туған күн иесіне құр қол келмегендерін айтты. Блогер мен әншілердің дені ақшалай сыйлықпен келген. Блогер Бейбіт Әлібеков бренд белбеу сыйласа, әнші Айша Байбосынова миллион теңгеден жоғары ақшалай сыйлық әкелген. Актриса Альмира Тұрсын тұпнасқада бейнеленген картина сыйлаған.