Бұған дейін Ақорда баспасөз қызметі Президенттің туған күніне орай ешқандай салтанатты іс-шаралар жоспарланбағанын хабарлаған болатын.
«Президент бұл күнді атап өтпейді. Мемлекет басшысының туған күніне байланысты ешқандай салтанатты іс-шаралар өткізілмейді», — делінген ресми хабарламада.
Осы күні Мемлекет басшысын түрлі елдердің басшылары құттықтауы күтіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Шешесі – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.