weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Бүгін қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Биыл ақынның дүниеге келгеніне 95 жыл толды.

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Сурет: ашық дереккөздерден

Мұқағали Мақатаев 1931 жылдың 9 ақпанында Алматы облысы Райымбек ауданында туған. Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келіп, өмірдің ауыр кезеңдерін бастан өткерді. Бұл тақырыптар оның өлеңдерінде терең сезіммен өрнектелді.

Ақын әр жылдары «Қазақ радиосында», аудандық және республикалық басылымдарда, әдеби журналдарда қызмет атқарды. Сондай-ақ Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі болды.

Оның «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Соғады жүрек», «Шолпан» жинақтары мен «Қош, махаббат!» прозалық кітабы оқырман жүрегінен орын алды.

Мұқағали поэзиясы шынайылығымен, қарапайым тілімен және терең сезімімен ерекшеленеді. Ақын мұрасы бүгін де оқырманын ойландырып, рухани қуат беріп келеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→