460 мың долларлық пара: Мәдениет және спорт министрі жұбайымен бірге сотталыпты

Мәдениет және спорт министрі пара беруге аса ірі мөлшерде қастандық жасады деп айыпталуда.

Фото:Orda.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлы, оның жұбайы мен адвокаты елордалық соттың алдына шықты,-деп хабарлайды Newsroom.kz.

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі пара беруге аса ірі мөлшерде қастандық жасады деп айыпталуда. Алдын-ала тыңдау Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті. 

2024 жылдың қаңтарында қылмыстық іс сотқа түсті. Арыстанбек Мұхамедиұлы Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) – 367-бабы 4-бөлігі (пара беру) бойынша күдікке ілінген. Әйелі Ғалия Ысқақова 368-баптың 1-бөлігі (парақорлыққа делдал болу), Мұстақым Төлеев 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа тартылған.

Жүктелуде...