Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа "азаптау" деген тағы бір айып тағылды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы КТК-ға сілтеме жасап.
Ұлттық экономика Экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылып отыр. Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті "қатыгездікпен жасалған кісі өлтіруден" қоса,"азаптау" айыбы қосылды.
Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінде растады.
Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін тағы бір бап қосу туралы шешім қабылданды.
"Азаптау" айыбы бойынша Бишімбаевқа төрт жылдан жеті жылға дейін, ал "кісі өлтіру" бабы бойынша – 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
Екі жақ тарап материалдармен танысуға кірісті.
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Нүкенова жарақаттанған күйде мейрамханада жатып, таңертеңнен бастап сағат 16.00-ге дейін медициналық көмексіз қалған. Жедел жәрдем шақырылған кезде қыз қайтыс болды.
Қуандық Бишімбаев 9 қарашада ұсталды. Бишімбаев 2018 жылы сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша 10 жылға сотталды, алайда 2019 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Соңғы қайғылы оқиғадан кейін бұрынғы министр 2 айға қамауға алынды.