Jan Rashatoff есімімен белгілі желі қолданушысы Швециядағы ұн бағасын айтты,-деп жазады newsroom.kz.
Блогер Қазақстандағы ұн бағасы Швециядан гөрі қымбат екенін айтты.
“2 кг ұн - 14 громм, теңгеге шаққанда 600 грамм. 5 кг ұн - 42 громм, теңгеге шаққанда 1800 теңге, 10-ға көбейтсек 18 000 теңге. Қазақстанда да 50 кг ұн - 18 000 теңге. Біріншіден, Швецияда ұн өздерінен шықпайды. Еуропаның басқа қалаларынан келеді. Қазақстанда өзімізден шығып жатыр. Екіншіден, бұл жақта орташа айлық көрсеткіш - 1 млн 400 мың теңгедей, Қазақстанда - 200-250 мың теңге”,- деп айтты блогер.