Илон Маск адамзаттың ең үлкен проблемасын айтты

Адамзаттың үлкен мәселесі қандай?

Скриншот: әлеуметтік желіден

Американдық миллиардер және кәсіпкер, SpaceX және Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маск X әлеуметтік желісінде адамзаттың ең маңызды проблемасы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Илон Маск платформа пайдаланушысының бірқатар елдерде туудың рекордтық төмен деңгейі тіркелгені туралы хабарламасына пікір білдірді.

"Адамзаттың алдында тұрған ең үлкен мәселе - демографиялық күйреу", - деді кәсіпкер.

Посттың астында мыңдаған әлеуметтік желі қолданушылары Масктың бұл ұстанымын белсенді түрде талқылай бастады.
"Неге олай деп ойлайсыз? Адамзаттың балалы болуға деген ұмтылысын кім тоқтатты?", "Бұл мәселеде ең бастысы-көпшілігі бала көтере алмайды", "Күлкілі. Мен кішкентай кезімде адамзаттың ең үлкен проблемасы-халықтың көптігі болды", "қазіргі қоғамда адал болатын дұрыс серіктес табу өте қиын", - деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары пост астында.

Айта кетейік, осы тақырыптағы твиттер саны өсуде - желі қолданушылары жаһандық демография мәселесі бойынша өз пікірлерімен белсенді бөлісуде.

 

Жүктелуде...