Қиыр асқан тағы бір қазақ баласы анасын іздеп жүр

Мұхит асып келген тағы бір қазақ анасын іздеп жүр

фото: jibek joly

Сұлтан есімді қазақ жігіт мұхит асып анасын іздеп келіпті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Бұл туралы журналист Анар Төлеухан қазақ жұртынан көмек сұрап әлеуметтік желісінде бөлісті.

«Анамды өз бетімше интернет арқылы іздеп көрдім. “АҚШ тағы қазақтар” деген әлеуметтік желідегі топқа да жаздым, бірақ нәтижесіз. Егер қазақша білсем тезірек табуға жәрдемдесер ме еді. Қолымда деректер де аз. Маған берілген құжатта анамның да, әкемнің де аты-жөндері ұқсас, бірақ бұлай болуы мүмкін бе? Анамды табуға көмектесетін барлық жандарға алғыс айтамын» , дейді Сұлтан Жанар Байсемізованың хабарында.

Тілім қазақша шығыпты, мұнда келгенде қатты қиналыппын. Балалар үйінде есімде қалғаны -Манат, Асылжан, Юрий, Әйгерім дейді Сұлтан.

Көмектесейікші, жүрегім ауырып кетті, Сұлтаннан алғыс алуға асығайықшы. Бөлісейік, таратайық, бәлкім, дәл сіз себепші боларсыз, оқырман. Бір адамды арманына жеткізу өлшеусіз сауап, өзіңізді де шексіз қуанышқа бөлейді. Мен өз үлесімді қостым, ендігі кезек, Сізде! ,- деп жазды Анар Төлеухан.

Сұлтан Үмітұлы Кәрімов 1999 жылы Алматы қаласында дүниеге келіп, нөмері 2-ші балалар үйінде тәрбиелен көрінеді. Америкалық аты-жөні Ноа Маршалл. Қолындағы ақпарат бойынша әкесінің аты - Үміт Кәрімов Сәкенұлы, анасының аты - Үміт Кәрімова Қалкенқызы.

Жүктелуде...