Үкіметтегі доғарыс басталды ма? Сәтқалиевтің орынбасары отставкада

Жандос Нұрмағанбетов энергетика вице-министрі қызметінен босатылады

Коллаж: newsroom.kz

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов отставкаға кетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жандос Нұрмағанбетов 2023 жылдың 18 желтоқсанынан бастап энергетика вице-министрі қызметінен босатылады.

– Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында еңбек демалысына шығып, басқа жұмысқа ауысуына байланысты кейін жұмыстан босатылды. Вице-министр мен ведомство басшылығының арасындағы кикілжің туралы желіде таралып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, – деп жазылған энергетика министрлігінің хабарламасында.

Жандос Нұрмағанбетов 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, «КИМЭП Университеті» АҚ бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған.

2005-2010 жылдары — «Қызылорда ТЭК» АҚ бас директоры.

2011-2013 жылдары – «Қызылорда» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап қазірге дейін «KEGOC» АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

Енді Жандос Нұрмағанбетов қай қызметке барады екен… Облысқа әкім бола ма?

Жүктелуде...