“Іштегі дау, сырттағы жаудан сақтасын”: Б.Төлегенова үндеу жариялады

Бибігүл Төлегенова 94 жасқа толған туған күнінде бейнеүндеу жариялады

Фото: qazaqstan.tv

Бүгін 16 желтоқсан – КСРО халық әртісі, Қазақ КСР халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның көптеген сыйлықтарының иегері, бірегей лирика-колоратуралық сопрано иегері, аты аңызға айналған Бибігүл Төлегенованың туған күні, - деп хабарлайды newsroom.kz.

1929 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген Бибігүл Төлегенова 94 жасқа толды. Белгілі әнші өз туған күнінде Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтап үндеу жасады.

"Құрметті достар! Сіздердің баршаларыңызды, мемлекетіміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, баршаларыңызға зор денсаулық тілеймін, ұзақ өмір тілеймін. Кеше жауған аппақ қардай аппақ көңіл тілеймін. Тыныштық болсын, елімізде амандық болсын. Іштегі дау, сырттағы жаудан сақтасын. Аман-есен болыңыздар. Мереке құтты болсын!" - деді Бибігүл Төлегенова.

Жүктелуде...