Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 желтоқсан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Енді «Яндекс. Такси» жолақысын көтермейді, комиссия алынбайды

«Яндекс. Такси» монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Енді «Яндекс. Такси» жолақысын көтермейді, комиссия алынбайды
Ғаламтор желісінен

Яндекс Такси Қазақстанның цифрлық экожүйесін қолдау қорына өз еркімен 3 млрд теңге аударды,  деп newsroom.kz хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен «Яндекс. Такси» монополияға қарсы комплаенс жасасып, оның аясында мынадай шаралар кешенін іске асыру көзделген:

  • біріншіден, жүргізушілер үшін еңбекақыны арттыру шартының бірі ретінде, егер тапсырыс жол жүру ақысының базалық құнынан екі есе асатын болса, 14 желтоқсаннан бастап, Яндекс комиссиясын өндіріп алуды тоқтататын болды; (экономикалық әсері жылына шамамен 2 миллиард теңгеге);
  • жүргізушілер үшін қосымша бонустық бағдарлама енгізу (2024 жылы сала айналымы мен инфляцияның өсуіне байланысты 7-10 миллиард теңге);
  • тарифті қалыптастырудың ашықтығын арттыру мақсатында тарифті не үшін көтергені және қандай өзгеріс болғаны туралы негіздеме келтіре отыра, пайдаланушы қосымшасын жақсарту.
  • екіншіден, жолаушылар үшін жаңартылған «Бірге» тарифі енгізіледі, ол тіпті ең жоғары сұраныс болып тұрғанның өзінде, төмен бағамен таксиге тапсырыс беруге мүмкіндік береді (тарифті х2-ге дейін көтеруге шектеулер);
  • агрегатор такси қызметтеріне ең жоғары сұраныс жағдайында, мысалы, ауа-райының қолайсыздығында немесе мереке күндері х3-тен жоғары тарифті көтеруге шектеулер енгізеді - тоқсанына аталмыш деңгейден жоғары сапарлардың саны 5 пайыздан аспайтын болады;
  • баламен жүретін жолаушылар үшін «балалар» тарифі енгізіледі, ол балалар креслолары немесе бустері бар автокөлікті шақыруға мүмкіндік береді.

Такси жүргізушілерімен тиімді қарым-қатынас жасау және клиенттермен байланысты қолдау үшін Call-орталықта «кәдімгі» оператор жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, жолаушылар мен жүргізушілердің мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін келесі жүйелі шаралар қабылданды:

  • Агенттік заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасады, оларды енгізу жүргізушілерге Яндекс-пен таксопарксіз тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді (таксопарктер комиссиясы 4-8 пайыз болады);
  • «Яндекс» бағдарламалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ баға белгілеуге әсер ететін факторларды (ауа райы жағдайлары, мереке күндері, сұраныстың артуы, жүргізушілердің болмауы және т.б.) егжей-тегжейлі зерделеу үшін IT саласындағы тәуелсіз аудиторлық компания агенттікпен, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп алгоритмдік баға белгілеу аудитін жүргізеді.