weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Такси бағасы үш есеге жуық өсті: inDrive ескерту алды

Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі inDrive сервисіне такси бағасының күрт өсуіне байланысты ескерту жолдады. Бұған 11 қазанда «Яндекс Go» сервисі уақытша істемей қалған кезде кейбір сапар құнының үш есеге жуық қымбаттауы себеп болған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

⁠Такси бағасы үш есеге жуық өсті: inDrive ескерту алды
Фото: ЖИ

Бұған дейін БАҚ-та «Яндекс Go» жұмысындағы ақаудан кейін жолаушылардың балама сервистерге жүгінгені туралы ақпарат тараған. Соның салдарынан inDrive платформасында сұраныс артып, кейбір бағыттардағы жолақы қымбаттаған.

Антимонополиялық органның мәліметінше, inDrive сервисінде сапар құны жолаушы мен жүргізуші арасындағы келіссөз арқылы белгіленеді. Бос көліктер саны азайған кезде жүргізушілер жоғары баға ұсынған.

Жағдайды тұрақтандыру үшін компания жүргізушілерге арналған комиссияны төмендетіп, жолаушы мен жүргізуші арасындағы саудаласу шегін шектеген.

Агенттік жолдаған ескерту ықтимал монополияға қарсы заңбұзушылықтардың алдын алуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және нарықтағы адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Ведомство сапар бағасының негізсіз өсуі тұтынушылардың мүддесіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін атап өтті.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер