Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 желтоқсан, 2023 / Асель Алимханова / Шоубиз

Иманды болсын! Азамат Сатыбалдының анасы өмірден озды

Актердің анасы 85 жасқа қараған шағында дүние салды.

Иманды болсын! Азамат Сатыбалдының анасы өмірден озды
Ғаламтор желісінен

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, «Қазақфильм» АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдының анасы қайтыс болды, деп хабарлайды newsroom.kz.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың артисі Азамат Сатыбалдының анасы - Сұраппаева Орынкүл Махатқызы өмірден өтті», - делінген Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көңіл айту хабарламасында.

«Әкем дүниеден өткеннен кейін, анаммен өткізген әрбір сәтті бағалаймын. Анамның таңертең әдемі жымиып, маңдайымнан сүйіп, «айналайын» деген бір ауыз сөзі, мен үшін баға жетпес бақыт», - деп жазып еді ол бір постында.