weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
16 қыркүйек, 2025 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әйгілі актер Роберт Редфорд бақилық болды

Актер әрі режиссер Роберт Редфорд бүгін Юта штатында 89 жасында өз үйінде жан тәсілім етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Әйгілі актер Роберт Редфорд бақилық болды

Роберт Редфорд ең алдымен «Бутч Кэссиди мен Сандэнс Кид», «Афера», «Кондордың үш күні», «Президенттің бүкіл адамдары» фильмдеріндегі рөлдерімен белгілі.

Режиссер ретінде Редфорд 1981 жылы «Қарапайым адамдар» фильмін түсіріп, «Оскар» жүлдесін «Үздік режиссер» номинациясында иеленді.

Сондай-ақ ол америкалық тәуелсіз кино институты – «Сандэнстің» негізін қалаушы ретінде танымал. Бұл институт сол атаумен халықаралық кинофестиваль өткізеді.