Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Қаржы

Аз емес пе? Елімізде 2 адам 77 млрд тг бонус алған!

Kaspi компаниясының бас акционерлері қанша бонус алады?

Аз емес пе? Елімізде 2 адам 77 млрд тг бонус алған!
фото: ulysmedia.kz

2023 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Kaspi компаниясының бас акционерлері Михаил Ломтадзе мен Вячеслав Кимге дивиденд түрінде шамамен 77,5 млрд теңге төленеді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл үшінші рет Kaspi компаниясы бас акционерлерімен қомақты пайданы бөліскен көрінеді.

Айта кетейік, қазан айының басында Ломтадзе Kaspi акцияларының шамамен 24,6% иемденген, ал компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Ким - 23,4% - ын алған. Тағы 27,48%-на  - B Baring Vostok қоры иелік етіп, оған қоса бонустардың бір бөлігін алған екен.

Сарапшылардың есептеулеріне сәйкес Ломтадзе 39,7 млрд, Ким – 37,8 млрд теңге, ал Baring Vostok – 44,3 млрд теңге алатын көрінеді. Төлемдер акционерлердің шоттарына 20 қарашадан бастап түсе бастады.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша компания өз акционерлеріне бір акцияға 750 теңгеден төлеген болатын. Сол кезде Ломтадзе 35 млрд теңге, Ким – 33,3 млрд теңге, ал Baring Vostok – 40,2 млрд теңге алды. Екінші тоқсанда Ломтадзе 35 млрд теңге, Ким – 33,3 млрд теңге, ал Baring Vostok – 39 млрд теңге алды.